15:59 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Қайрат Омаров

ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі тағайындалды

© Foto: Центр новостей ООН
Саясат
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінде Қайрат Абдрахмановтың орнын басты

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров қызметінен босатылып, ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

 "Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", — делінген жарлықта. 

Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінде Қайрат Абдрахмановтың орнын басты. Ол өз кезегінде Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған.

Қайрат Омаров әр жылдары Қазақстанның Үндістан, Шри-Ланкадағы елшісі, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.