15:59 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Ерлан Қарин

Қарин уақытша тіркеу туралы: бұрын талқылау керек еді

Служба центральных коммуникаций
Саясат
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қариннің сөзіне қарағанда, Қазақстан парламентінде жаңалықтарды талқылау кезінде шақырылған сарапшылар ол мәселеге мұндай назар аудармай, жұмыстың басында пікір алмасып қана қойған.

"Екінші мәселеге келер болсақ, мен бірқатар БАҚ-тарға осыған қатысты пікір білдірдім. Қысқаша тағы қайталап өтейін. Мұндай шаралардың тікелей әсерлі болуы екіталай, ықпалы да бола қоймайды", — деді Қарин уақытша тіркелу туралы жаңа норманың экстремизм мен терроризм жасады деген күдіктілерді анықтауға көмегі тиеді ме деген сұраққа. 

Бұл мәселеге қатысы қоғамда көтерілген талқылауларға келер болсақ, онда оның  сөзіне қарағанда, бұл жерде мәселенің екінші жағы, атап айтар болсақ – Қазақстан парламентінде жаңалықтарды талқылауға қатысқан сарапшылар мен белсенді қоғамшылдардың өздерінің қателіктері бар екен. 

"Өткен жылы осы тақырыпқа қатысты талқылаудың қалай өрбігені есімде, бұл мәселеге ешкім қатты назар аудара қойған жоқ. Бұдан бөлек парламент ашық пікірталас жүйесін енгізіп, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың барлық топтарын шақырды. Өкінішке орай, көптеген қоғамшылдар алғашқы пікірталастарда ғана талқылады. Кейіннен бұл мәселеге көңіл жақсы аударылған жоқ деуге болады. Енді, мәселе қайта көтеріліп жатқан кезде, бұл мәселелерге ситуациялық көңіл аудару таң қалдырады. Сондықтан бұл мәселелердің даулы әрі пікірталасты екеніне қарамастан, мұны талқылау кезінде, сол кезде ықпал ету тетіктері болған кезде айту керек еді", — деді Қарин.