02:25 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөнінде жұмыс тобын құрды

© Foto: Официальный сайт президента Республики Казахстан
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанда билікті қайта бөлу (9)
45 0 0

Елбасы Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұл өкімге сәрсенбі күні қол қойды. 

Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.


Тақырып:
Қазақстанда билікті қайта бөлу (9)