17:45 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

ҚӘЗИ директорының орынбасары Санат Көшкінбаевтің сөзіне қарағанда, Қазақстан сириялық қақтығыстарды реттеу жөніндегі келіссөздер процессі үшін алаң ұсыну арқылы бейтарап жақ ретінде қатысып отыр.

"Бұл президент Путин мен президент Ердоғанның бастамасы болатын. Ал Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастамаға қолдау білдірді. Біз бұл жерде алаң ұсынып отырған адал делдал, бейтарап жақ ретінде қатысып отырмыз. Біз Сирия үкіметі, оппозициялық топтар, Түркия, Иран, Ресей тараптарының сеніміне иеміз. Біздің барлық тараптармен қарым-қатынасымыз жақсы. Женева ыңғайлы алаң деп саналады, инфрақұрылым тағы басқа секілді, өйткені Женева, Швейцарияға қатысты мәселелер, шағымдар жоқ", — деді Көшкінбаев. 

Қазақстан да, келіссөздер бастамашы елдері сияқты бұған мүдделі, деп толықтырды ол.

"Сирия  төңірегінде осы шиеленіске қатысты бірнеше есеге өскен террористік қауіптің ұлттық және өңірлік шекарадан біршама шығып кеткенін білесіздер. Олар бүкіл халықаралық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Бұл Қазақстанның бітімгерлік үлесі. Біз үшін келіссөздер фактісінің өткізу орнынан маңыздырақ екенін атап өткім келеді. Мейлі ол Астана немесе Женева болсын, ең бастысы диалогтық процесс", — деді ҚӘЗИ директорының орынбасары.

Эксперт о переговорах в Астане: угрозы терроризма вышли за пределы Сирии
Загрузка...

Басты тақырып