Саясат

СІМ: Астанада ақпанның ортасында Сирия бойынша кездесу болуы мүмкін

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚайрат Әбдірахманов
Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириялық дағдарысты реттеуді бақылаушылар ақпан айында Астанада тағы бір кездесу өткізеді

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келесі кездесу Астанада ақпан айының ортасында ұйымдастырылуы мүмкін деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Сирия жөніндегі кездесуге қатысушылар - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ресей делегациясы Астанадағы Сирия жөніндегі кездесудің мән-жайын айтып берді

"Шамамен (…) ақпан айының ортасында деп отырмыз. Әрине (кездесу Астанада өтеді – ред.)", — деді Әбдірахманов тілшілерге.

Ресей, Түркия, Иран делегациялары мен БҰҰ өкілдері 6 ақпан күні Астанада бірлескен топтың алғашқы отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату режимінің іске асырылуын, қарулы қақтығысты тоқтату режимінің толыққанды сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тиімді бақылау және қадағалау механизмін құрудың шараларын, кез келген арандатудың алдын алып, режимнің әрбір өзгерісін анықтауды талқылады. Делегациялар өзара ықпалдастықты әрі қарай жалғастыруға ниеттерін білдірді.

Жаңалықтар
0