Саясат

Қожамжаров жемқорлар туралы: біз үшін тиісуге болмайды деген жоқ

© Sputnik / Болат ШайхиновҚожамжаров
Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің басшысы Қазақстандағы белгілі адамдардың ұсталуы туралы айтып берді

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Жемқорлық дерегін байқаған әрбір адам, бұл туралы басшылығына немесе тиісті қызметтерге хабарлауы тиіс. Жемқорлыққа қарсы ведомство үшін тиісуге болмайды деген жоқ, деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров. 

"Ұжымда жұмыс істейтін әрбір адам жанында заңсыз, дұрыс емес дүниелердің болып жатқанын түсініп, бұл туралы басшылығын немесе тиісті органдарды ақпараттандыруға тиіс. Меніңше, бұл сіздер мен біздерге дұрыс қылық болуы тиіс. Біз алаңдарымызда, достарымызбен бірге біздегі жемқорлықтың деңгейі аса жоғары екенін талқылаймыз. Бірақ онымен күресуге құлық танытатын адамдар көп емес. Өзіңнен сұрау керек: "Еліміздегі жемқорлық деңгейін төмендету үшін не істедім?" деп. Біз ұзақ уақыт бойы деңгейі жоғары емес шенеуніктермен айналысып келдік. Қазір жағдай өзгерді. Шын мәнінде, біз үшін тиісуге болмайды деген жоқ", — деді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік алқасының отырысында. 

Оның атап өтуінше, бұл шешім барлық деңгейдегі жиналыстарда жемқорлықпен күрес туралы айтып жүрген президенттің еркі екен. 

"Егер біз барлығымыз бірге кірісетін болсақ, бұл "құбылысты" жою үшін көп қалған жоқ", — деп атап өтті ведомство басшысы. 


Жаңалықтар
0