Саясат

Елбасы Түркіменстанның сайланған президентін жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Гурбагулы Бердымухамедов
Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбагулы Бердымухамедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркіменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші мерзімге қайта сайланды

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Түрікменстан Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті жеке өзінің және ел халқының атынан Бердімұхамедовті Түрікменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады.

"Өткен сайлау нәтижесі – халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші.

Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді.

Қазақстан түрікмен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды", – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Жаңалықтар
0