Саясат

СІМ: елші Әбибуллаев мемлекеттік қызметкер этикасын бұзды

© Министерство иностранных дел РКСІМ
СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов Польшадағы елшінің мемлекеттік қызметкер этикасын бұзғандығын ғана хабарлады

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызметкер этикасын бұзды деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Алтай Абибуллаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР-ның Польшадағы елшісін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартуы мүмкін

"Мәселе мемлекеттік қызметкер этикасының бұзылғандығында. Жалпы айтқанда, сыртқы істер министрлігі бұл істі мұқият қарастыруда. Министрлікте тәртіп бұзушылықтарға бей-жай қарамау қағидасы бар. Қазір жоғары тұрған инстанциядан жіберілетін деректерді күтіп отырмыз", — деді Әбдірахманов үкімет отырысының алдында тілшілерге. 

Бұдан бұрын Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін деген хабар таратылған болатын, алайда нақты қандай тәртіп бұзушылық болғандығы туралы сөз қозғалған жоқ. 

Жаңалықтар
0