Саясат

Премьер-министр әкімдерге: "Менен ақша сұрамаңдар!"

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан үкіметінің басшысы бюджеттік қаражатты игермегені үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірлерді қаржыландыруды тоқтату керек деп қанша рет айтқан болатын

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сейсенбі күні "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты өңірлік билік өкілдерін сынға алды, бұл бағдарлама аясында өңірлер қаражатты толық игермегендіктен инфрақұрылым бағыты артта қалған.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан үкіметі ЖІӨ-ні "санап шықты"

"Құрметті әкімдер, күзде барлық қаражатты игереміз деп ант-су ішкен едіңдер, бірақ, қазір көріп отырғанымыздай, барлық өңірлерде игеру толық атқарылып жатқан жоқ", — деді Сағынтаев өңір басшыларына. – Ақмола облысы, сендерде инженерлік инфрақұрылымға жұмсалуы тиіс 900 миллион теңге игерілген жоқ", — деп ол елорда маңындағы өңірден бастады.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин де қарап тұрмай, премьерге бюрократиялық тағдыр тауқыметін айтып ақталды. "Ақша жыл соңында үш лотқа бөлініп келді: бірінші лот – бұл су желісі, 411 миллион, екіншісі – 300 миллион – канализацияға және қалғаны – энергетикаға, — деп түсіндірді әкім. – Бірінші лот, су желісі бойынша бірінші реттен конкурс жүргізіп, қараша ортасынан бері жұмысты бастадық. Екінші лот, канализацияға келер болсақ, оны екі рет жүргіздік. Бірінші жолы қаржы бақылауы қате істедіңдер деді, екінші рет бәрі дұрыс болып, желтоқсанда жұмысты бастадық. Энергетика бойынша – екі рет жүргіздік, екі рет қаржы бақылауы тендерді болдырмай тастады. Қазір бұл істер сотта, негізінде, біз бар мәселені шештік, бірақ ақшаның кешеуілдетіп берілгені кедергі келтірді. Барлық ескертулерді қабылдаймыз, шара қолданамыз",- деп уәде берді ол. 

"Игермейді екенсіңдер, сұрамаңдар!"

Қостанай облысында игерілмеген қаражат сомасы 350 миллион теңгені құрады, бірақ өңір әкімі Архимед Мұхамбетов әңгімесін бөлінген қаражат жүз пайыз игерілген бағдарлама бөлімдерінен бастады. Премьер мұны да жақтыра қоймады:

— Архимед Бекежанұлы, уақытты созбай, қаражат неге игерілмей жатыр, соны айтыңызшы, — деп Сағынтаев баяндамашының сөзін бөлді.

— 350 миллион теңге – бұл индустриялық зона, түзетулер жүргіздік, оны сізге айтқанмын: 11 миллиард техникалық-экономикалық негізге жұмсалды, біз 5 миллиардқа қысқарттық, яғни үнемдедік. Міне, жыл соңында 350 миллион теңге – республикалық бюджеттік комиссиясының қолдауына рахмет, биыл толық игереміз, барлық қателіктерді жоямыз, — деп жауап берді әкім.

— Екі әкімнің баяндамасына жүгінсек, мұның бәріне мен кінәлі екенмін ғой: сізге айттық, ақпарат бердік, қазір несіне оны қозғайсыз дейсіңдер ме? Солай ма?, — деді Сағынтаев. – Олай болса, игере алмайды екенсіңдер, ақша сұрамаңдар. Сол кезде маған алдын ала келіп, ақшаның игерілмегендігі туралы хабардар етудің де қажеті болмайды. Бұл сендерге ғана қатысты емес, жалпылама айтып отырмын, — деп қосты ол. 

Түзетулерді дұрыстап түзетіңдер

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы шенеуніктерді "мемлекеттің әр тиынын үнемдеуге" шақырды

Содан соң сөз кезегі Қарағанды облысына берілді. Нұрмұхамбет Әбдібековтің сөзіне сүйенсек, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында өткен жылы 138 миллион теңге игерілмепті. "Бұл мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша жасалған үнем, инфрақұрылымдық нысандар бойынша тағы 42 миллион теңге үнемделді, — деді әкім. – Қаржыландырудың басқа көлемдері бойынша, жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік инфрақұрылым жүргізу жобасында жобалық-сметалық құжаттамаға қосымша түзетулер енгізу қажет болды. Сол түзетулерге сәйкес соманы да үнемдеуге жатқызуға болады, өйткені бұл жұмыстар аяқталған. Және ауа райы қолайсыздығы салдарынан канализация желілері және электрмен жабдықтау бойынша 10 миллион теңге игерілмей қалды", — деп қорытындылады ол.

"Инженерлік коммуникациялар бойынша кешеуілдеудің техникалық негіз бен қаржы-экономикалық негіздемелерді түзетуге қандай қатысы бар?", — деп сұрады премьер. – Бақыт Тұрлыханұлы, мұндай жобаларға несіне қаражат бөлесіздер? Ақшаны алады да, бәрін шетінен түзете бастайды. Мемлекет басшысы ескерту жасады емес пе. Қаталдық танытыңыз!", — деді ол қаржы министріне.

Сағынтаевтың пікірінше, қаражаттың игерілмеуіне өңірлерде "бақылаудың немесе шын ықыластың" жоқтығы себеп болды. Осыған байланысты қаржы министрі Бақыт Сұлтанов екі тапсырма берді: біріншісі – мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген ақшаны "жыл бойына біркелкі" бөлу. Екіншісі — "тәуекелді шараларды" анықтап, оларға бөлінген қаражатты ақшаны жүз пайыз игеруге дайын өңірлерге аудару.  

Жаңалықтар
0