21:01 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Болат Дембаев

Астана прокуроры ауысты

© Foto: Официальный сайт генеральной прокуратуры РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Болат Дембаев елорданың прокуроры қызметінде Сабыржан Бекбосыновтың орнын басты

АСТАНА, 14 ақп — Sputnik. Астана қаласының прокуроры болып Болат Дембаев тағайындалды, тиісті бұйрыққа ҚР бас прокуроры қол қойды. 

"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығымен Болат Бекназарұлы Дембаев Астана қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды", — деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөзқызметі.

Бұған дейін  Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы қызметін атқарған. Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды.


Басты тақырыптар