Саясат

ҚР СІМ: Сирия бойынша кездесу 16 ақпанда басталады

© Sputnik / Болат ШайхиновСІМ
СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесудің не үшін кейінге қалғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ

АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астаналық үдеріс аясындағы жаңа отырыс 16 ақпанда басталады деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

"Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астаналық үдеріс аясындағы жоғары деңгейлі кезекті отырыстың басталуы 2017 жылы 16 ақпанда сағат 12.00-ге шегерілді",  - делінген хабарламада.

Сириялық дағдарысты реттеу бойынша алғашқы кездесулер Астанада 23-24 қаңтарда болған еді. Бұл кездесуде қақтығыс тараптары алғаш рет келіссөздер алаңқайында бас қосқан болатын. 

Жаңалықтар
0