21:14 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Сириялық келіссөздер

Кепіл мемлекеттер Астанадағы Сирия бойынша кездесуде ақтық құжатқа қол қояды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)
5 0 0

Оппозиция тарабы мен Сирия үкіметі делегациясы қорытынды құжатқа қол қоймаса да, кепіл мемлекеттердің қойған қолы жеткілікті

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Астанадағы сириялық реттеу бойынша кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын ақтық құжатқа кепіл елдер, яғни Ресей, Түркия және Иран қол қоюы тиіс деп хабарлады РФ-ның Қазақстандағы кеңесші-елшісі Александр Мусиненко РИА Новости агенттігіне.

"Кепіл елдер, әлбетте, кепіл елдердің қолынсыз бұл мүмкін емес", — деді Мусиненко кездесудің ақтық құжатына кім қол қою керек деген сұраққа жауап беріп.

Оның сөзіне жүгінсек, негізінде құжатқа Сирия үкіметі делегациясының өкілдері мен оппозиция тарабы да қол қоюы тиіс, бірақ кепіл елдердің қойған қолы да жеткілікті екен.

Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)

Басты тақырыптар