21:12 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Астана

Кворум бар: Сирия бойынша кездесуге кешіккен қатысушылардың бәрі Астанаға жетті

© AP Photo / Sergei Grits
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)
6 0 0

Қаруланған оппозиция өкілдері Астанаға келді

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Сирия бойынша кездесуге кешіккен қатысушылардың бәрі Астанаға жетті деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қатысушылардың есімдерін СІМ атаудан бас тартты, бірақ РИА Новости агенттігіне белгілі болғандай, сириялық оппозиция делегациясын "Джейш әл-Ислам" тобының өкілі Мохаммед Аллуш бастап келді.

Бұдан бұрын Астанаға Ресей, Иран, Түркия, БҰҰ, Иордания және Сирия үкіметі өкілдері келген болатын.

Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің екінші жалпы отырысы 16 ақпанға жоспарланған. 

Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)

Басты тақырыптар