Саясат

Астана Сирия бойынша кездесуде қол жеткізілген келісімдерді қолдайды

© Sputnik / Болат ШайхиновСирия бойынша кездесу
Сирия бойынша кездесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан СІМ қол жеткізілген келісімдерді сирияаралық диалогқа жасалған нақты қадам деп бағалайды

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Қазақстан Астанада 15-16 ақпанда өткен сириялық кездесуде қол жеткізілген келісімдерді қолдайды деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі. 

"Қазақстан қол жеткізілген келісімдерді қолдап, Астаналық үдерістегі кезекті отырыстың нәтижесін сирияаралық диалогты дамытуға, оның ішінде Женевада БҰҰ басшылығымен өтетін алдағы келіссөздерге жағдай туғызу үшін жасалған нақты қадам деп бағалайды", — делінген хабарламада.

Сирияаралық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Неліктен сириялық кездесудің қорытындылары бойынша коммюнике қабылдамады

Екі күндік келіссөздер нәтижесінде кепіл елдер қарулы қақтығыстарды тоқтату режиімн қадағалау бойынша біріккен жедел топ туралы қағидалар жөнінде келісім жасалғаны туралы хабарлады. 

Қазақстан бұдай кейін де Сириядағы ахуалды тұрақтандыру бойынша халықаралық шараларға барынша жәрдем беруге, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысына қатысуы аясында ықпал етуге дайын деп қорытты СІМ.

Жаңалықтар
0