20:55 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Пәкістандағы жарылыс

Қазақстан Пәкістандағы террористік актіні айыптады

© AP Photo / Pervez Masih
Саясат
Қысқа сілтеме алу
5 0 0

Жарылыс кезінде 80-ге жуық адам көз жұмды

АСТАНА, 17 ақп — Sputnik. Қазақстан 2017 жылы 16 ақпанда Пәкістанның оңтүстігіндегі Сехван қаласында орын алған және кінәсіз бейбіт халықтың өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының сыртқы ісер министрлігі.

"Киелі жерде орын алған зомбылық әрекет террористертің Исламның жалпы құндылықтарына қандай да бір қатысы жоқ екендігін және олардың белгілі бір ұлтқа немесе дінге қатысы жоқ екендігін дәлелдейді", — делінген мәлімдемеде.

Қазақстан Пәкістан билігіне халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресте толық қолдау білдіреді және халықаралық қоғамды осы құбылыспен күресу барысында қатаң әрі нақты шаралар қолдануға шақырады.

Террористердің бүкіл әлемдегі қылмыстық әрекетінің белсенділінің артуы кезінде БҰҰ қолдауымен тез арада жаһандық терроризмге қарсы коалицияны құруға шақырамыз.

Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз және террористік әрекет салдарынан зардап шеккендердің жуық арада сауығып кетуіне тілектестігімізді білдіреміз.


Басты тақырыптар