22:13 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Бақытжан Сағынтаев

Қар көшкіні: қайғылы оқиғаны тексеру ҚР премьерінің бақылауына алынды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Үкімет басшысы оқиғаны тексеру үшін үкіметтік комиссия құруды тапсырды

АСТАНА, 18 ақп — Sputnik. Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты есептерін тыңдады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

Министр Жасұзақов оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты қабылданған шаралар туралы есеп берді. Уәкілетті орган сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. Әскери бөлімде Тараз гарнизонының қызметкерлері жұмыс істеуде.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды.


Басты тақырыптар