Саясат

Ақорда 2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылауды еске алды

© Photo : Официальный аккаунт пресс-службы президента РК в Facebook2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау және қабылдау кезінде түсірілген мұрағаттық сурет
2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау және қабылдау кезінде түсірілген мұрағаттық сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақорда баспасөз қызметі 2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау бойынша жұмыс тобы отырысының он жыл бұрынғы суреттерін жариялады

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Ақорда баспасөз қызметі 2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау және қабылдау кезінде түсірілген мұрағаттық суреттерді Facebook парақшасында жариялады.

"10 жыл бұрын Қазақстанда қазіргі уақыттағыдай конституциялық-құқықтық реформа қызу талқыланып жатқан еді. 2007 жылы 20 ақпанда "Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен болатын. Заңның өзі 2007 жылы 21 мамырда қабылданды", — делінген хабарламада. 

© Photo : Ақорда баспасөз қызметі2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау және қабылдау кезінде түсірілген мұрағаттық сурет
2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау және қабылдау кезінде түсірілген мұрағаттық сурет - Sputnik Қазақстан
2007 жылғы конституциялық реформаларды талқылау және қабылдау кезінде түсірілген мұрағаттық сурет

Сол кезде еліміздің Ата заңына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Негізінен президент пен парламентке арналған бөлімдер өзгертілген. Дәлірек айтқанда, мәжіліс жаңа схемамен құрылып, Қазақстан халықтары Ассамблеясының конституциялық мәртебесі бекітілді.

Жаңалықтар
0