03:49 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко

Елбасы Мәскеу мен Минск арасындағы проблемалық мәселелерге алаңдаушылық білдіреді

© Sputnik / Алексей Никольский
Саясат
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкоға қоңырау соғып, Еуразиялық экономикалық одақтың кейінгі даму мәселелерін талқылады

АСТАНА, 20 ақп – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Белоруссия басшысы Александр Лукашенко телефон арқылы Еуразиялық экономикалық одақтағы проблемалы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Sputnik Беларусь Лукашенконың баспасөз қызметіне хабарлама жасай отырып. 

Екі мемлекет басшысы арасындағы әңгіме қазақстандық тараптың бастамасымен өтті. Басты тақырыптардың бірі Еуразиялық экономикалық одақтағы қарым-қатынастар болды. "Қазақстан президенті Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы проблемалық мәселелердің туындауына алаңдаушылық білдіреді. Бұл ретте ол, барлық проблемалардың одақтың ішінде шешілетініне сенімді", — деді баспасөз қызметінде. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.

Соңғы уақытта Ресей мен Беларусь арасында кейбір коммерциялық мәселелер бойынша келіспеушіліктер туындады. Ақпанның басында өткен баспасөз конференциясында Лукашенко Мәскеуге қатысты бірнеше өткір мәлімдеме жасады.


Басты тақырыптар