Саясат

Өзбекстан президенті Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуШавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мирзиёев Наурыз мейрамы кезінде Қазақстанға алғашқы іс-сапарымен келеді

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Өзбекстанның мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жуырда алғаш рет Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді деп хабарлады РИА Новости.

РИА Новости агенттігіне қазақстандық делегацияның өкілі хабарлағандай, іс-сапар 22-23 наурызға жоспарланып отыр.

"Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жуырда Қазақстанға мемлекет басшысы ретінде алғаш рет іс-сапармен келеді", — деді елдің бірінші вице-премьері Ачилбай Раматов Ташкенттегі өзбек-қазақ үкіметаралық комиссия отырысы барысында.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Мирзиеев бір-бірін телефон арқылы құттықтады

Бұл үкіметаралық комиссия алдағы іс-сапарға дайындық кезеңі болып саналады.

Шавкат Мирзиёев президент қызметіне Өзбекстанды 26 жыл басқарған Ислам Кәрімовтің қазасынан соң келген болатын. 2016 жылғы 4 желтоқсандағы президент сайлауында Мирзиёев 88,61% дауыс жинады. Оған 18 миллионға жуық адам дауыс берген.  

Жаңалықтар
0