Саясат

Женевада сирияаралық келіссөздер басталды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСирия жалауы
Сирия жалауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келіссөздерге қатысушылар Сирияда жаңа үкімет құру, ел конституциясының жобалары мен сайлау өткізу мәселелерін талқылайды

АСТАНА, 23 ақп — Sputnik. Женевада сирияаралық келіссөздер жалғасты. Төртінші раунд оларға қатысушылардың БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен екі жақты кездесулерімен басталды, деп хабарлайды РИА Новости

Бір жылға дерлік уақытқа созылған үзілістерден кейін келіссөздердің басты тақырыптары Сирияда жаңа үкімет құру, ел конституциясының жобалары мен сайлау өткізу мәселелері болмақ. 

Женевадағы пікірталастар форматы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Келіссөздер оппозицияның алға тартуы бойынша тікелей болады ма, немесе арнайы өкіл әр қайсысымен жеке-жеке кездеседі ма белгісіз. Де Мистураның өзі бір күн бұрын өткен баспасөз конференциясында өзінің кестесімен таныстырған жоқ. 


Жаңалықтар
0