Саясат

Елбасы Тәжікстан президентін Астанаға шақырды

© Photo : Фотохост-агентство/Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТәжікстан президенті Эмомали Рахмон
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Эмомали Рахмонды Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне шақырды

АСТАНА, 23 ақп — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонды қыркүйекте Астанада өтетін саммитке шақырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 22 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті.

"Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның атына 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті. Э. Рахмонның жұмыс кестесі Саммитке жеке қатысуға мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді", — делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0