Саясат

Астанада Сирия бойынша кездесу тағы өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы сириялық келіссөздер
Астанадағы сириялық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириялық келіссөздердің қандай форматта өтетіні әзірге белгісіз

АСТАНА, 2 ақп — Sputnik. Сириялық реттеу жөніндегі келіссөздердің үшінші раунды Астанада 14 және 15 наурызда өтеді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне келіссөздерді ұйымдастыруға жақын дереккөзі. 

"Кездесу 14 және 15 наурызда өтеді", — деді дереккөзі. Агенттікпен әңгімелесуші Астанадағы кездесудің қандай форматта өтетінін нақтылаған жоқ. Толыққанды келіссөздер ме жоқ әлде сарапшылар деңгейіндегі пікірталастар ма.

"Аль-Джазира" телеарнасының хабарлауынша, Астанада өтетін келіссөздер мерзімін БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура растаған. 

Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилу РИА Новости агенттігіне бұрын кездесудің 21 наурызда өтуі мүмкін екенін хабарлаған.  


Жаңалықтар
0