Саясат

КК: Конституцияға енгізілген түзетулер Ата заң құндылықтарына сай

© Sputnik / Владислав ВодневИнаугурация
Инаугурация - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Конституциялық кеңесі елдің негізгі заңына түзетулерді қабылдады

АСТАНА, 9 нау – Sputnik. Конституциялық кеңес Конституцияға енгізілген түзетулер Ата заң құндылықтарына сай деп танды. Бұл туралы кеңестің баспасөз қызметі хабарлайды. 

"Конституциялық Кеңес өз шешімінде 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Ресубликасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті", — делінген хабарламада.

Президент қаңтарда мемлекеттік билік жүйесін ауқымды реформалауды ұсынды. Осыған орай тиісті заң жобасы дайындалып,ол бүкілхалықтық талқылауға ұсынылған еді. Бір ай ішінде қоғамдық-саяси ортада екі мыңнан астам, ғылыми-шығармашылық ортада елуден астам республикалық деңгейдегі басқосу өткен. Жалпы, жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде алты мыңға жуық жаңа ұсыныс келіп түскен. 


Жаңалықтар
0