Саясат

Назарбаев конституциялық түзетулерді жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қол қойылған жарлыққа сәйкес, ел заңнамасын Конституцияға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкестендіріледі

АСТАНА, 14 нау – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық түзетулерді жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Құжатқа сәйкес, барлық деңгейдегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары  Парламенттің, Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылған. 

Қазақстан Республикасының парламенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң талаптарына сәйкес парламенттің және оның палаталарының қызметін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға тиіс болады. 

Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктердің қосымша көлемімен жұмысқа функционалдық дайындығына талдау мен бағалауды жедел жүргізсін және атқарушы органдардың жаңа ұйымдық-құқықтық жағдайларда тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау тапсырылды.


Жаңалықтар
0