Саясат

"Қазтелерадио" АҚ басқармасының құрамы өзгерді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтупортфель
портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәжібеков Ескендір "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына, Смаилова Жанна төрағаның әкімшілік және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды

АСТАНА, 14 нау – Sputnik. "Қазтелерадио" АҚ-ның басқарма мүшелері өзгерді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"28.02.2017 жылғы "Қазтелерадио" АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен Тәжібеков Ескендір Ерманович «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары лауазымына, Смаилова Жанна Болатқызы "Қазтелерадио" АҚ Басқармасы Төрағасының әкімшілік және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Тәжібеков Алматы энергетика және байланыс Интститутын тәмамдап, NARXOZ университетінің IBS Халықаралық бизнес мектебінен МВА дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы "Қазақтелеком" ААҚ инженер қызметінен бастаған. 2006 жылы «Техническая сервисная компания» ЖШС Директоры лауазымын иеленді. 2008 жылы еңбек жолын "Kazsatnet" ҰК АҚ, деректерді беру желілерін пайдалану департаменті Директорының орынбасары лауазымынан бастап, одан әрі 2011-2014 жж аралығында компанияда пайдалу департаментінің Директоры, Басқарма Төрағасының орынбасары – техникалық директоры лауазымдарын атқарған.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін "Astana Innovations"АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымын атқарды.

Смаилова Алматы энергетика және байланыс Институты, және де банк ісі бойынша Жоғары мектебін тәмамдаған. Телекоммуникация саласында 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде жоғары деңгейдегі басшылық лауазымдарында.

Еңбек жолын 1998 жылы "Қазақтелеком" АҚ жетекші экономист лауазымынан бастап, одан әрі 2006 жылға дейін қаржы-экономикалық қызметінің бастығы, экономика және қаржы жөніндегі орталықтың Директоры, коммерциялық жобалар басқармасының Басшысы міндеттерін атқарды.

2006-2013 жылдар аралығында қызметін Vimpelcom Group (ТМ "Beeline") компаниялар тобында жалғастырды, ол жерде "2 Day Telecom" ЖШС, "TNS — Plus" ЖШС, "KZ-Trans" ЖШС компанияларында басшылық қызметтерін атқарған. Қырғызстандағы мобильді операторының Қадағалау кеңесінің мүшесі, "Кар-Тел" ЖШС-нің бас қаржы директоры болған.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ-ның тәуекел бойынша басқарушы директоры лауазымын атқарған.


Жаңалықтар
0