Саясат

СҚО әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалы

© Sputnik / Елена БережнаяАким СКО Кумар Аксакалов
Аким СКО Кумар Аксакалов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысын Ерік Сұлтанов басқарып келген еді

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сейсенбі күні Петропавл қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс барысында  Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков СҚО әкімі лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынған Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар президенттің ұсынысына бірауыздан қолдау танытты. 

Ералы Тугжанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Маңғыстау облысының әкімі ауысты

Жақсыбеков облыс активіне жаңа әкімді таныстыра отыра, соңғы жылдардағы ірі экономикалық жетістіктерді атап өтіп, Ерік Сұлтановқа алғыс айтты. Өз кезегінде Сұлтанов мемлекет басшысына сенімі үшін рахмет айтып, облыс жұртшылығына бірлескен жемісті жұмыс үшін алғысын жеткізді. Ал жаңа тағайындалған әкім Ақсақалов Елбасы қойып отырған маңызды міндеттерді орындауға күш салатынына сендірді. 

Ақсақалов СҚО әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.  Ол әр жылдары Қостанай облысында аудан әкімі, ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратының жетекшісі, партия хатшысы болып еңбек етті. 
Жаңалықтар
0