06:46 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Сирия жалауы

СІМ: Сирия бойынша келесі келіссөздер Астанада 3-4 мамырда өтеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)
5 0 0

Қазақстан СІМ өкілі сириялық реттеуге кепіл мемлекеттердің бірлескен мәлімдемесінің мәтінін жариялады

АСТАНА, 15 нау – Sputnik. Сирия бойынша келесі келіссөздер Астанада 3-4 мамырда өтеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов. 

"Үшжақты кездесу жоғары деңгейде жалғасатындығын атап өтеміз. Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының өкілдері, сонымен бірге байқаушы ретінде басқа да тараптар бұл отырыстарға шақырылуы мүмкін", — деді Қамалдинов сәрсенбіде сириялық реттеуге кепіл мемлекеттердің бірлескен мәлімдемесінің мәтінін жариялай отырып. 

"Жоғары деңгейдегі келесі отырысты 3-4 мамырда Астанада өткізу туралы шешім қабылдадық және 2017 жылдың сәуірінде Тегеранда сарапшылар консультацияларын өткізуге келістік", — деп қосты ол.


Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)

Басты тақырыптар