Саясат

Маңғыстау облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Жазылу
Алик Айдарбаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен жақында босатылған еді

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Ералы Тугжанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Маңғыстау облысының әкімі ауысты

"Бүгін ұжымға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалған Алик Айдарбаевты таныстырдым.  Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін", — деп жазған Қасымбек. 

Айта кетсек, Алик Айдарбаев осы қызметте болған Альберт Раудың орнына келіп отыр. Ал Рау мәжіліс депутаты болып кетті. Маңғыстау облысын енді Ералы Тоғжанов басқарады. 

 

Жаңалықтар
0