06:48 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Египт туы

Қазақстанның Египеттегі елшісі тағайындалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Саясат
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

2014 жылғы желтоқсанда ҚР-ның Египеттегі елшісі Арман Исағалиев Дубай мен Солтүстік Эмираттарда бас консул болып тағайындалған

АСТАНА, 16 нау — Sputnik. Қазақстанның Египеттегі елшісі болып Арман Исағалиев тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұл қызметте Исағалиев өткен жылғы қазанда ҚР дін және азаматтық қоғам вице-министрі қызметіне тағайындалған Берік Арынның орнын басты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада. 

ҚР СІМ сайтының ақпаратына сәйкес, Исағалиев 2015 жылғы қаңтарда Қазақстанның Дубай мен Солтүстік Эмираттардағы бас консулы қызметіне кіріскен. 


Басты тақырыптар