Саясат

Алматыда Әблязовтың ісі бойынша сот басталды

© Sputnik / Данияр Дауталиевсудья Мәртбек Кәкімжанов
судья Мәртбек Кәкімжанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Басты сотталушы Мұхтар Әблязовтың келмеуі сот процесінің басталуына кедергі келтірмеді

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша алдын ала тыңдау Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта басталды деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Мұхтар Әблязов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Прокуратура: Әблязов пен сыбайластары сотқа берілді

Сот ашық режимде өтіп жатыр. Басты сотталушы Мұхтар Әблязовтың өзі сот отырысына келген жоқ. Банктің бұрынғы басшысы 2009 жылдан бері қашып жүр, қазір Францияда.

Сотталушылар қатарында БТА Банктің бұрынғы топ-менеджменті бар – БТА Банк төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша бұрынғы директор Қайрат Садықов және басқарманың бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш. Олардың бәрі ірі көлемде қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр. 

Жаңалықтар
0