06:49 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Нурсултан Назарбаев

Елбасы қазақ тілінің болашағына қатысты қоғамдағы үрей туралы ойын білдірді

© Foto: официальный сайт президента Республики Казахстан
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1024 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің болашағына қатысты қоғамдағы үрей, ағылшын тілін меңгерудің қажеттілігіне байланысты пікір білдірді.

"Басқа тілге басымдық бергеннен қаймығып қалған халықпыз. Қазір көптің көкейінде "ана тіліміз көлеңкеде қалып қоймай ма, мемлекеттік тілдің өрісі тарылып кетпей ме" деген күмән, тіпті үрей бар. Осы үрейге негіз бар ма?",  —  деп сұрады Мемлекет басшысынан журналист Бейсен Құрманбек.

"Расында да, қаймығып қалғанбыз. Тілімізден, мәдениетімізден айырылып қала жаздағандықтан, үрей, әсіресе, аға буында бар",  — деді Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен кездесуде.

Оның айтуынша, қазір қазақтың тіліне қарсы Қазақстанда бір адам жоқ. Сондықтан мәселе біздің өзімізде — қазақтарда.

"Мәселені қолға алып, тілді жетілдіру керек. Кейбіреулердің "Президент барлық жеде қазақша сөйлемей, ештеңе өзгермейді" деп айтатынын білемін. Елде тұрып жатқан барлық ұлттар Президентті сайлайды. Олардың барлығы Президенттің сөзін түсінбесе, қалай болады? Сондықтан мен екі есе көп жұмыс істейтін адаммын. Мысалы, Ресейдің, АҚШ-тың, Түркияның президенті өз тілінде сөйлейді. Мен амалсыз екі тілде бірдей сөйлеп жүрген адаммын. Мәңгілік бұлай болмайды. Қазірдің өзінде қазақтың саны 70 процентке жақындап келе жатыр. Мен айтқандай, 2025 жылға дейін дайындалып, біз қазақ тілін барлық жерде енгізуге жұмыс жасаймыз", — деді  Президент.

Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, басқа білетін тілдерімізден ажырап қалу дұрыс емес.

"Мәселе мәдениетте, қанша тіл білсең, соншалықты мәдениеттісің. Қазаққа орыс тілі арқылы дүниенің әдебиеті, ғылымына жол ашылды. Ал жолдаудағы мақсаттарды орындау үшін ағылшын тілі керек. Ағылшын тілі ғылымды дамыту үшін қажет", — деді Президент.

 

 

 

Басты тақырыптар