06:31 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Портфель

Елбасы облыс әкімдерін не үшін ауыстырғанын түсіндірді

© Sputnik / Илья Питалев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жүгінсек, Алик Айдарбаев Астанаға жұмысқа тұрғысы келген, ал Сергей Кулагин зейнетке шыққысы келіпті

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердегі кадрлық ауыстыруларды түсіндірді.

"Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі министрліктің бірінші орынбасары қызметіне өзі сұранды. Ал Кулагин жасы келіп қалғандықтан, зейнетке шығаруды өтінді. Оған алғысымды айтып, жібердім. Әбдібеков (Қарағанды облысының бұрынғы әкімі) Есеп комитетінің басшысы болған марқұм Қозы-Көрпештің орнына келді. Қарағанды өңірінің тумасы Қошановты облыс әкімі қызметіне тағайындадық. Тәжірибелі жігіт. Бәрі еңбек етеді деп ойлаймыз", — деді Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

"Мен қызметкерлерді тағайындағанда, оны кейін қызметтен босатуды көздемеймін. Ұзақ еңбек етіп, пайдасын тигізсін деймін. Басшының төңірегінде табыс әкелетін, мақсатқа жете білетін адамдар болуы тиіс. Олар "мұны қалай істеймін?" деп сұрамауы керек. Олай болса, оның өзі бір жүк болады. Ал, артық жүктен арылмаса болмайды. Сол себепті қызметтен босатып жатамыз", — деп түйіндеді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, "кадрлық ауыстыру – ол өмір, қатып қалған ештеңе жоқ".

Басты тақырыптар