Саясат

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Медиабанкке өтуВладимир Путин и Нурсултан Назарбаев
Владимир Путин и Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі елдің мемлекет басшылары бірқатар маңызды мәселелерді талқылады

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі және оны бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Елдер көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы, сондай-ақ Астанада 14-15 наурызда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.

 

 

Жаңалықтар
0