Саясат

Мирзиеев: менің Қазақстанға бұл сапарым тарихи мәнге ие

© Sputnik / Болат ШайхиновПервый визит Шавката Мирзиеева в Казахстан
Первый визит Шавката Мирзиеева в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев Ақордада кездесу өткізді

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев біздің елге жасаған бұл сапарының тарихи мәнге ие екенін алға тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біздің елдердің арасында мүлдем өзгеше қарым-қатынас басталды. Өзіңіз айтып өткендей, соңғы бес айдағы жағдай бәрі қайта басталып жатқан секілді әсер қалдырады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп отыр.  Бүгінгі бизнес-формуға Өзбекстаннан 250 кәсіпкер қатысады. Бір миллиард долларға келісімшарттар жасалады", — деді Өзбекстанның мемлекет басшысы кездесу барысында. 

Первый визит Шавката Мирзеева в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: туысқан ел ретінде өзбек халқының өсіп-өркендеуін тілейміз

Мирзиеев осы уақытта екі елдің өңірлері арасындағы байланысты дамытуға үлкен көңіл бөлінгенін айта келе, Қазақстанды өзбек елінің ең сенімді көршісі ретінде қарастыратынын тілге тиек етті. 

"Алғашқы сапардың бірін Қазақстнға жасауымыз көпті білдірсек керек. Кешеден бері өзара ынтымақтастығымыздың перспективасын талқылап жатырмыз. Бірінші рет біздің делегацияның құрамында парламент мүшелері, қорғаныс министрлігінің, басқа да бұрын-соңды тығыз қарым-қатынас жасамаған ведомство өкілдері келіп отыр. Менің ойымша, бұл сапар, бүгінгі келіссөздер тарихи мәнге ие болады", — деді ол. 

Өзбекстан президенті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Орталық Азиядағы мәселелерді реттеуге көп күш салатынына сенім білдірді. Сонымен бірге, ауған мәселесі де өзекті болып тұр. 

Сөз соңында Шавкат Мирзиеев Қазақстан президентіне алғысын жеткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевты  Өзбекстанға шақырды. 

Айта кетсек, Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті ретінде Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келіп отыр. Сапар аясында мемлекет басшылары және министрлер деңгейінде бірқатар құжаттарға қол қойылмақ. 

 

Жаңалықтар
0