Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуГейдар Алиевтың бейіті
Гейдар Алиевтың бейіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Əзербайжанда екі күндік сапармен жүр

АСТАНА,3 сəу — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақ орданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.


Жаңалықтар
0