04:05 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Архивное фото гвоздик и свечей во время акции памяти

Елбасы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

© Sputnik / Андрей Стенин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Санкт-Петербург метросындағы теракт (9)
8 0 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына шын ниетімізбен ортақтастығымызды білдіреміз", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.


Тақырып:
Санкт-Петербург метросындағы теракт (9)

Басты тақырыптар