Саясат

Елбасы Стокгольмдегі террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы жеделхатында зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Стокгольмде жүк көлік бір топ адамды қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Видео
Стокгольмде жүк көлік бір топ адамды қағып кетті

Жеделхатта Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Жаңалықтар
0