10:33 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
ҚР Бас прокуратурасында тренинг өтті

Қазақстан прокурорлары үшін өзін-өзі дамыту тренингі өткізілді

© Foto: Генеральная прокуратуры Республики Казахстан
Саясат
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

Гандапас қазақстандық прокурорларға қол астындағыларын жетістіктер мен алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесті

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Бас прокуратурада "Көшбасшылық, шешендік өнер және өзін-өзі дамыту бойынша белгілі ресейлік маман Радислав Гандапас "Қазіргі замандағы ұйымның көшбасшысы" тақырыбында тренинг өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Бұл іс-шаранының өзектілігі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және адам капиталының сапасын жақсарту негізінде еліміздің одан әрі жемісті дамуына бағытталған маңызды тармағының мақсаттарымен тұтастай сәйкес келеді", — делінген хабарламада.

  • Жакип Асанов
    Жакип Асанов
    © Foto: Генеральная прокуратура Республики Казахстан
  • Радислав Гандапас
    Радислав Гандапас
    © Foto: Генеральная прокуратура Республики Казахстан
1 / 2
© Foto: Генеральная прокуратура Республики Казахстан
Жакип Асанов

Ол тыңдаушыларға өздерінің кәсіби таланттарын және көшбасшылық қасиеттерін ашуға, өзін-өзі дамытудың перспективаларын көруге, тиімді менеджер және басқарушы болуға үйретуге, өз бағыныштыларын жетістікке жетуге және қойылған мақсаттарына қол жеткізуге ынталандыруға қатысты ойларын жеткізуге тырысты.

Қатысушылардың пікірі бойынша тренинг өте пайдалы және тиімді болды. Прокурорлар өздерін дамытуға және кәсіби қызметтерінде әрқайсысы үшін қажет кеңестер мен ұсыныстарды көзбе-көз тыңдауға қайталанбас мүмкіндік алды.

Өткізілген тренинг прокуратураның сапалы түрде жаңаруы, талантты әрі прогрессивті ойлайтын қызметкерлерді және тиімді басшыларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін болады.

Басты тақырыптар