04:08 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Владимир Божко

Божко депутаттардың жалақысын көтеруге қатысты ойын білдірді

© Sputnik / Асем Миржекеева
Саясат
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы шешім төрт жыл бұрын қабылданған еді.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко Қазақстан парламенті депутаттарының жалақысының өсуі туралы тілшілерге түсіндіріп берді.

Осы демалыста БАҚ-да белгілі болғандай, 2017 жылы 1 наурыздан бастап қазақстандық депутаттардың жалақысы, кейбір деректер бойынша, 30%-дан 50%-ға дейін өсірілді.

"Саяси қызметкерлер арасында соңғы рет біздің кезімізде жалақы өсіріліп отыр. Бұл шешім төрт жыл бұрын қабылданған еді. Себебі әуелі министрліктер мен ведомстволарда өсірілді, содан кейін арада төрт жыл өткен соң, бізге де кезек келді", — деді Божко мәжілістегі үкімет сағатынан кейін тілшілерге.

"Барлық саяси қызметкерлер бірдей жалақы алуы тиіс. Депутаттар да саяси қызметкерлер. Сол себепті, бұл шешімді дұрыс деп санаймын және шешім қабылданғаннан кейін міндетті түрде орындалуы тиіс", — деді вице-спикер.

Басты тақырыптар