Саясат

CІМ: Қазақстан Астанадағы Сирия бойынша келіссөздерге дайындалып жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновСІМ
СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы Сирия бойынша кезекті кездесу биыл мамыр айында өтеді деп жоспарланған.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстан Астанада мамыр айында өткізуге жоспарланған Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздерге дайындалып жатыр деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ мемхатшысы Астанадағы сириялық келіссөздер маңыздылығын атап өтті

"Әлбетте", — деп жауап берді ол мамырға жоспарланған келіссөздерге дайындалып жатырсыздар ма деген сұраққа.

"Сириялық дағдарысты бейбіт түрде шешуге мүдделі, Астаналық процесті қолдайтын, сондай-ақ, бәрінен бұрын, БҰҰ басшылығымен жүргізіліп жатқан Женева процесін қолдайтын тараптарды шақырамыз", — деді Әбдірахманов дүйсенбі күні үкімет отырысының алдында.

Министр "бұған қатысты барлық тараптардың қолда бар бүкіл күшпен осы процестерді қолдайтындығына" үміт артатынын айтты.

Жаңалықтар
0