04:01 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Ақорда

Елбасы Мысыр президентіне террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

© Sputnik /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Елбасы Мысыр еліне Қазақстан халқы атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтасты.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қазақстан Мысырмен бірге елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте күш-жігер жұмылдыруға дайын", – делінген жеделхатта.

Басты тақырыптар