Саясат

Елбасының үш айдағы жұмысына бейнешолу

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев жыл басынан бері 39 іс-шараға қатысқан

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президенті 2017 жылдың І тоқсанында қатысқан іс-шаралардың бейнешолуын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейнешолу Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында пайда болды. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Президент жыл басынан бері 39 іс-шараға қатысқан. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Осы уақытта Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ішкі және сырттағы жағдайға қатысты 9 телеграмма жолдап, өзге елдердің мемлекет басшыларымен телефон арқылы тоғыз рет сөйлескен.

Үш айдың ішінде Мемлекет басшысы Ресей, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Әзербайжан президенттерімен кездесті. Алматыда өткен қысқы Универсиаданың ашылу салтанытаны қатысып, Қарағанды, Ақмола облыстарының жұртшылығымен кездесті.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Президент 76 нормативтік актіге, оның ішінде 46 жарлық, 17 қаулы мен 13 заңға қол қойған.

Жаңалықтар
0