Саясат

Елбасыға Қасиетті Қағбаның жамылғысын сыйға тартты

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуМекке
Мекке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысына сыйлықты Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі сенім грамотасын тапсырғаннан кейін берді

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Сауд Арабиясының Королі Аравии Салман бин Абд аль-Азиз аль-Сауд Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қағбаның жамылғысын сыйлыққа беріп жіберді, деп хабарлады Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези.

Сейсенбі күні Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар шетел мемлекет елшілері сенім грамоталарын тапсырды.

"Мен үшін Қазақстан президентімен кездесу зор мәртебе. Сенім грамотасын тапсырғаным үшін қуаныштымын. Президент мырза Сауд Арабиясы королі жолдаған қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабыл алды, — деді Захир бен Мутиш әл-Анези.

Жаңалықтар
0