19:39 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Саясат
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Астанада есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың келешегі мен есірткі ахуалын жасқарту мәселелерін талқылау жөнінде Шанғай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің өкілетті органдары басшыларының жетінші жиналысы болды.

ШОС: борьба с наркотиками выходит на новый уровень

ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов айтып өткендей, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің күш қуатын шоғырландырып, әрі қарай ынтымақтасуға жағдай жасайтын ШЫҰ-ның 2017-2021 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиялары талқыланып қабылданды.

"Бүгін өткен отырысты ШЫҰ-ның басты оқиғасы — Астанада маусым айында өтетін мемлекеттік басшылар отырысына дайындық барысындағы кезеңдердің бірі деп санаймыз. Сол себепті бүгінгі қабылданған шешім ұйымымыздағы басқа да іс-әрекеттерді толықтыратын болады", — деп түсіндірді Имандосов.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың төрағалығымен өткізілген отырысқа ШЫҰ-на мүше елдердің делегация басшылары қатысты.

Загрузка...

Басты тақырып