Саясат

ҰҚШҰ бас хатшысы сайланды

© Sputnik / Asatur YesayantsЮрий Хачатуров
Юрий Хачатуров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұйымның жаңа бас хатшысы Юрий Хачатуров Арменияр қарулы күштері Бас штабының бастығы болып табылады

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуі барысында жаңа бас хатшы сайланды, деп хабарлады ҰҚШҰ бас хатшысы міндетін атқарушысының бірінші орынбасары Валерий Семериков.

"Қабылданған шешімге сәйкес, бас хатшыны тағайындау туралы мәселелі қарау кезінде бірауыздан Юрий Хачатуров сайланды. Ол жұмысқа 2 мамырда кіріседі", — деп келтіреді Sputnik Қырғызстан Семериковтың сөзін.

Оның сөзіне қарағанда, ұйымның бұрынғы бас хатшысы Николай Бордюжа ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің бірінші дәрежелі озаттық белгісімен марапатталды.

Генерал-полковник Юрий Хачатуров 2009 жылдың қаңтарынан бастап Арменbя қарулы күштері Бас штабының бастығы болып табылады.

Жаңалықтар
0