Саясат

Елбасы Ердоғанды референдумның табысты өтуімен құттықтады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуРеферендум
Референдум - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президентін ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Референдум қорытындылары Түркия халқы арасындағы Сіздің жоғары беделіңіздің және халықаралық аренада еліңіздің тұғырын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсеткен көпшіліктің қолдауының айқын дәлелі болып саналады. Сіздің басшылығыңызбен Түрік Республикасы өңірдегі тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосатын, жаһандық саясатта елеулі орны бар ел, ынтымағы берік, зайырлы мемлекет болып қала беретініне сенімдімін.

Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан тығыз ынтымақтастық екі ел халқының игілігі жолындағы өзара түсіністік негізінде жалғаса береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Президентінің жауапты қызметте мол табысқа жетуіне, ал бауырлас түрік халқының одан әрі дамып, өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Жаңалықтар
0