Саясат

Лавров: Сирия төңірегінде үлкен геосаяси әбігер басталып жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновШЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі
ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысы өтті. СІМ басшылары Сириядағы жағдайды, Иранның ШЫҰ-ға қосылу ықтималдығы, сонымен қатар бірқатар маңызды мәселелерді талқылады

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik, Айсұлу Жұмағұлова. Шанхай Ынтымастығы ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері жұма күні маусым айында өтетін ШЫҰ мемлекет басшыларының отырысы қарсаңында Астанада жиналды. СІМ басшылары талқылаған басты тақырыптар Сириядағы жағдай, жоспарланып жатқан Иранның ШЫҰ-ға қосылуы, сондай-ақ эктремизммен күрес болды.

Сирия төңірегіндегі геосаяси әбігерлік

Ресей сыртқы саяси ведомство басшысы Сергей Лавровтың баспасөзге мәлімдеуінше, министрлер талқылаған халықаралық проблемалардың бірі сириялық дағдарыс болған көрінеді.

"Оның төңірегінде қаншалықты үлкен геосаяси әбігерліктің басталып жатқанын ескерер болсақ, ол (дағдарыс) ешкімді бейжай қалдыра алмайды. Әсіресе соңғы Сирия үкіметінің химиялық қару қолданды деген дәлелсіз айыптауы мен сол жерде не болғанын өз көзімен көріп, сынамаларды өз қолымен жинап алу үшін инспекторларды жіберіду қамтамасыз етуден біздің бастыстық әріптестеріміздің бас тартуына байланысты", — деп мәлім етті министр.

Еске сала кетейік, сәуірдің басында сириялық оппозиця Идлиб провинциясында химиялық қару пайдаланумен жасалған шабуылдан 80 адамның құрбан болғаны туралы мәлімдеген. Оқиғаға Сирияның үкіметтік әскерін айыптаған, олар өз кезегінде айыптауларды қабылдамай, жауаптылықты содырлар мен оларды жақтаушыларға артқан.

ml

Жаңалықтар
0