Саясат

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында жүр

© Photo : пресс-служба акимата ЮКО/Максат ШагырбаевНурсултан Назарбаев во время поездки в ЮКО
Нурсултан Назарбаев во время поездки в ЮКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының үйіне барды

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында жүр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген "Қазақ еліне мың алғыс!" монументін көрді. Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысы мен адал ниетінің нышаны болып саналады. 

Сессия Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясындағы екі орынбасарын тағайындады

Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты мемлекетіміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің достығы тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратымен танысты.

Мемлекет басшысының назарына этномәдени бірлестіктер өкілдерінің орындауындағы "Бірлігіміз жарасқан" деп аталатын музыкалық композиция ұсынылды.


Жаңалықтар
0