08:58 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Саясат
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Қазақстан ауғандық дипломаттың "бомба" туралы қалжыңы үшін наразылық нотасын жібермейді

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Қазақстан бомба туралы қалжыңдаған ауғандық дипломаттың әрекетіне наразылық нотасын жібермейді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

"Елші мырза жат қылық көрсетіп, сөмкеде не барын сұраған кеденшілерге "бомба" деп жауап берген. Әрине, арнайы қызмет дереу одан жауап алып, тексеруге кіріседі. Тек кейін оның Қазақстандағы Ауғанстан елшісі екені анықталды. Тексеріс шаралары жүргізілгеннен кейін бұл дипломаттың орынсыз қалжыңы екені белгілі болды. Қысқасы, жағдайдың мән-жайы анықталып, ол Алматыға ұшып кетті", — деді Тілеуберді үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Ол әрбір дипломаттың қай елде болмасын заңдарды сыйлап, әдеп ережелерін сақтауы тиіс екенін атап өтті. Дегенмен, Сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жібермейтін болды.

"Бұл ретте ол ақылға қонымсыз сөйлеп, жұртты бекерге дүрліктірді. Оқиғаны орнында барлық мән-жай анықталып, арнайы қызметтер тарапынан елшіні жазалау туралы қатаң ескерту түспегендіктен, біз наразылық нотасын жібермейміз. Жалпы, бүкіл әлемде терактілерге қатысты күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, біздің арнайы органдар жедел және сауатты шешім қабылдады", — деді вице-министр.

Загрузка...

Басты тақырып