21:12 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Флаг Сирии

БАҚ: сириялық оппозиция Астанадағы келіссөздерден кетіп қалды

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Саясат
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Арабтық "Аль-Джазира" телеарнасы сириялық оппозиция Астанадағы келіссөздерден кетіп қалғаны туралы хабарлады

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Арабтық "Аль-Джазира" телеарнасының қаруланған оппозицияның Астанадағы Сирия бойынша келіссөздерінің төртінші раундынан кетіп қалғаны туралы хабарламасына қатысты ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов пікір білдірді. 

"Ол ақпарат БАҚ-та жарияланды, бірақ қазіргі уақытта мен он растай да, жоққа да шығара алмаймын", — деді Жайнақов журналистерге. 

Астанада сириялық қақтығыстарды реттеу жөніндегі келіссөздер барысында Сириядағы шиеленісті бәсеңдетудің төрт аймағын құру туралы құжатқа қол қойылуы мүмкін.  Келіссөздер 3 мамыр күні түске қарай басталды. 


Басты тақырыптар